КӨЛІКТІ ДЕРБЕСТЕНДІРУ

Lexus GX
Лексус Алматы көліктерді дербестендіру және тюнингтеу бойынша ең қызықты және озық шешімдер ұсынады.

Көптеген адамдар үшін көлік – иесінің тұлғасының, даралығының көрінісі. Сондықтан, көлік таңдаумен және сатып алумен іс бітпейді. Міне, сол үшін дараландыру студиясы қызмет етеді. Осындай арнайы бөлімше Лексус Алматы дилерлік орталығында бар, бұл оны Қазақстан нарығында осы марканы сататын басқа орталықтардан ерекше етеді.

Аэродинамикалық қондырғылардың және керек-жарақтардың жетекші өндірушілерімен ынтымақтастықта көліктің сыртқы дизайнын Сізге тән бірегей стиль мен қалауыңызға қарай өзгертуге мүмкіндік беретін өнімдердің кең ауқымын ұсынамыз.

KHANN – дизайнерлік идеялардың жасампаздығын және инновациялық технологиялық шешімдерді біріктіретін бірегей бренд. Түпнұсқа аэродинамикалық қондырғыларды, дөңгелек дискілерін және керек-жарақтарды жасауда компания ең жоғары сапа, сенімділік және дизайн стандарттарын басшылыққа алады. KHANN ұсынған айрықша дизайнның жаңа пішіндерін ашыңыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін +7 727 315 8315 нөміріне хабарласыңыз.