NX car models

NX

ӘР СӘТТІ БАРЫНША СЕЗІНІҢІЗ

Басталу күні (ҚҚС қоса алғанда)
26 910 000 Т
384 719 тг./АЙ
Financing Details
Алдыңғы қатарлы техникалық сипаттамалармен үйлескен таңғажайып сыртқы көрінісІ жаңа NX 350 көлігін басқа сәнді орта көлемді жол талғамайтын көліктерден ерекшелендіреді. Көліктің салонын қарасақ, сіздің сезімдеріңізді Такуми шеберлігі баурап алуымен қатар, мультимедиялық жүйенің жаңа буыны және Lexus Safety System+ сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
2021-lexus-nx-model-feel-more-in-control-1920x1080

КӨБІРЕК БАҚЫЛАУДЫ СЕЗІНІҢІЗ

Болашақта қозғалыс қиындықтарымен кұресу үшін қалалық ландшафттың түбегейлі өзгеру қажеттілігін анықтаңыз.

ТИІМДІЛІК

A woman driving a Lexus NX

«TAZUNA» САЛОНЫ                                                                                             

LF-30 дизайн үлгісінде алғаш рет көрсетілген «Tazuna» таңғажайып тұжырымдамасы жаңа NX автокөлігінде ұсынылды. Жол мен рульді барынша сезіне отырып, жүргізуден керемет әсер алуды қамтамасыз ететін NX салонының құрылуына шабандоз бен тұлпар арасындағы тізгін арқылы өтетін байланыс түрткі болған (Tazuna).

Lexus NX Drive Mode Select feature

ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМІН ТАҢДАУ                              

Рульдің жанында орналасқан Drive Mode Select жүйесі жүргізушіге автокөліктің тиімділігін, динамикасын немесе талғампаздығын арттыру үшін Eco, Normal және Sport режимдерін таңдауға мүмкіндік береді. Eco және Normal режимдеріне қоса, жаңа NX F SPORT көлігінің қосымша Custom, SportS және SportS+режимдері бар.

Біздің әйгілі Global Architecture k платформасында салынған NX көптеген динамикалық жақсартуларды, соның ішінде жақсартылған ілінісу мен сезімталдықты қамтамасыз етеді. Кеңірек протектор және төменірек жасалған ауырлық орталығы керемет жұмыс пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Lexus инженерлері талғампаздықты арттыру және бұрылғыштық кемшілігін азайту үшін лазерлік дәнекерлеуді, желім байланысын, төбесін нығайтуды, капоттың қос құлпын және жоғары беріктігі бар болатты қолданды. Қанаттар мен капоттың салмағын азайту үшін алюминий қолданылды.

ҚАУІПСІЗДІК  

Lexus NX wheel close up

LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

Lexus Safety System + ең жаңа қауіпсіздік жүйесі кез келген жағдайда, қала қозғалысы ағымында немесе автожолда, күндіз немесе түнде, қиылыстарда, бұрылыстарда немесе жол қатарын ауыстырған кезде, сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін, әрдайым жаныңызда болатын екінші жүргізушіңізге ұқсайды. Апаттардың алдын алудың жаңа дәуірін белгілейтін технологияны қолдана отырып, мысалы, жаңартылған соқтығысудың алдын алу жүйесі күндізгі уақытта мотоциклдарды және түнде жаяу жүргіншілерді анықтай алады.

Lexus Blind Spot Monitor feature

ҚАУІПСІЗ ШЫҒУ ЖҮЙЕСІ (SEA)

Safe Exit Assist жүйесі артқы жағынан келе жатқан автокөлік пен велосипедшілер сияқты қозғалысты бақылау үшін соқыр аймақ мониторын қолданады және қажет болған жағдайда есікті (есіктерді) жабық ұстау үшін e-Latch бекіткішін қолданады, осылайша есіктердің ашылуы салдарынан болатын апаттар қаупін 95%-ға төмендетеді.

Lexus NX cockpit and multi-information display

КӨП АҚПАРАТТЫ ДИСПЛЕЙ

Бұл 7 дюймдік түсті TFT (Thin Film Transistor) дисплейі негізгі басқару құрылғыларына біріктірілген және қауіпсіздік туралы ескертулер мен навигациялық нұсқауларды қоса алғанда, барлық негізгі мәліметтерді хабарлайды. Қарқынды жүргізу үшін дисплей сіздің қалыпты, үнемді немесе спорттық режимде болуыңызға байланысты сыртқы түрі мен мазмұнын өзгертеді.

Жолаушылар қауіпсіздігінің өте берік қаңқасына қоса, жолаушыларды қорғау сегіз жетілдірілген қауіпсіздік жастығымен күшейтілді: жүргізушіге арналған екі сатылы қауіпсіздік жастығы және тізе жастықшасы; алдыңғы жолаушы үшін бір сатылы қауіпсіздік жастығы; жүргізуші мен алдыңғы жолаушы арасындағы соқтығысты азайтуға арналған орталық қауіпсіздік жастығы; алдыңғы орындықтардағы бүйірлік қауіпсіздік жастықтары және салонның екі жағының бүкіл ұзындығынан өтетін ауалы қауіпсіздік перделері.

ЖАРҚЫН ДИЗАЙН

Lexus NX grille close up

ЖАҢА МАРКАЛЫ РАДИАТОР ТОРЫ

Соңғы NX үшін біздің дизайнерлер жаңа қуатты көріністі жасауға бел буды. Интеграцияланған жақтауы бар неғұрлым динамикалық радиатор торы жасалды. Жаңа дизайн жүктемені азайтуға ғана емес, сонымен қатар автокөоліктің динамикалық әсерін баса көрсетеді. Қызықты тор үлгісін жасау үшін жұқа U-тәрізді элементтер қолданылды. Соңында, тік тордың дизайны төменгі жағындағы үш саңылаумен бірге салқындатудың тиімділігін арттырады.

Lexus NX headlight close up

ТӨРТ ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРА

Осы таңғажайып 4 проекторлы жарықдиодты фараның ерекше әсер қалдыратын қара жиектері бар. Жарық Lexus автокөліктеріне тән L-тәрізді күндізгі жарық шамдары (DRL) арқылы ерекшеленеді.

Rear view of a Lexus NX 450h+

ЖАҢА LEXUS BLADE ШАМДАРЫ

Жаңа NX автокөлігінің артқы жағында бүкіл ені бойынша Lexus автокөліктеріне тән L-тәрізді жарықтандыру дизайнындағы жаңа стильді шамдары орналасқан. Автокөліктің ортасында жаңа әрі заманға сай көрініс беретін жаңартылған Lexus логотипі орналасқан.

Жаңа NX автокөлігіндегі алдыңғы орындықтар ең жақсы қолжетімділік пен басқарушылықты, сондай-ақ жылыту және желдету сияқты керемет қолдау мен жайлылықты қамтамасыз ету үшін әзірленген. Бел аумағында тиісті эргономикалық тіреуді қамтамасыз ету үшін орындықтардың бүйір жағында руль мен берілістерді ауыстырып қосу тұтқасын немесе консоль қақпағын пайдаланған кезде шынтақтың тиюін азайтатын ішке қарай ойылған пішім қолданылған. Ең соңында, кіру және шығуды жайлы ету үшін орындықтың бүйір жағының биіктігі төмендеу етіп қалдырылды.
Руль мен берілістерді ауыстырып қосу тұтқасы жүргізуден алатын сезімге айтарлықтай әсер етуі мүмкін болғандықтан, Lexus компаниясымен «Takumi» әдісі бойынша жұмыс істейтін дизайнерлер осы байланыс нүктелерін барынша жетілдіруге тырысты. Рульге келетін болсақ, оны керемет сезінуді және тұрақтылығын арттыру үшін пішіні мен көлденең қимасына ерекше назар аударылды. Бас бармаққа арналған тіреулер мен сенсорлы қосқыштар да қайта өңделді.
60:40 пропорциясында бүктелетін тиімді артқы орындық барлық жаңа NX модельдерінің стандартты құрамына кіреді, бұл жарыс велосипедтері немесе үлкен багаж сөмкелері сияқты үлкен заттарды тасымалдау үшін багаждың көлемін оңай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүктелген артқы орындықтарда үлкен заттарды тасымалдауға арналған орын бар.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

A man opening the Lexus NX's sunroof

ПАНОРАМАЛЫҚ ТӨБЕ

Рейлингтермен бірге қолжетімді болатын әсерлі панорамалық әйнек төбесі де ашылады. Кабинада қосымша кеңістік пен күн сәулесін қамтамасыз ете отырып, ол күн сәулесінен қорғайтын жылжымалы электр қозғалтқышы бар пердемен жабдықталған. Сонымен қатар электр жылжымалы әйнек төбесі бар, ол жаңа NX автокөлігіне еркіндік сезімін беріп, қосымша кеңістік пен жарық береді.

Lexus NX boot

ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ БАР АРТҚЫ ЕСІК

Артқы есіктің өте жылдам және сезімтал қашықтан басқарылуы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қолдарыңыз сатып алған заттардан бос болмаған кезде қажет. Кілтіңіз қалтаңызда немесе сөмкеңізде болғанда, артқы есікті аяғыңызды жай ғана артқы бампердің астынан өткізіп, ашыңыз немесе жабыңыз.

Автокөлік туралы мәліметтер түрлі-түсті күйде тікелей алдыңғы әйнекке түсіріледі. Осы ірілеу келген 10 дюймдік Head-Up дисплейі навигацияны, қауіпсіздік мүмкіндіктерін, автокөлік туралы ақпаратты және дыбыс параметрлерін жолдан алшақтатпай тексеруге мүмкіндік береді. Оны басқару рульдегі сенсорлы қосқыштардың арқасында бірқалыпты күйде жүзеге асырылады.
S-Flow жүйесі салондағы климатты қоршаған орта жағдайларына қарай интеллектуалды түрде реттейді, жанармайдың жоғары үнемділігін және әрбір жолаушы үшін оңтайлы жайлылықты қамтамасыз етеді.

КӨБІРЕК БАЙЛАНЫС

A man using the Lexus NX's Lexus Link Multimedia System

LEXUS LINK MULTIMEDIA

9,8 дюймдік, сондай-ақ 14 дюймдік сенсорлы экранда жақсартылған ажыратымдылықпен пайдалану әлдеқайда жылдам және оңай.

Lexus NX's Mark Levinson® Premium Speaker

17 ДИНАМИГІ БАР MARK LEVINSON® ДЫБЫСЫ

NX 350 Luxury және F SPORT кластарында қолжетімді, 17 динамигі бар Mark Levinson® Premium Surround жаңа жүйесі NX акустикалық қасиеттеріне бейімделген. Ол MP3 цифрлық сығымдалу орындалған кезде жоғалатын дыбысты қалпына келтіретін, Clari-Fi ™ функциясы бар теңдесі жоқ 7.1 арналы цифрлық үй кинотеатрын ұсынады. Дыбысты жақсарту үшін диаметрі 25 см болатын үлкен артқы сабвуфер жүксалғыштың кеңістігін кішірейтпестен үйдегі Hi-Fi жүйесінің динамигі сияқты 20 литрлік жүк бөлімінде жасырылған. Барлық санаттардың стандартты жиынтығына 10 динамигі бар премиум аудио жүйесі кіреді. Ол FM RDS тюнерімен және Bluetooth құралымен жабдықталған, сонымен бірге алдыңғы есіктердегі үлкен динамиктердің арқасында дыбыстың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.

Lexus NX cockpit and multimedia display

СМАРТФОНМЕН БІРІКТІРУ

Android Auto® немесе сымсыз Apple CarPlay® көмегімен жаңа NX смартфонның кейбір қолданбаларын 9,8 дюймдік немесе 14 дюймдік дисплейде оңай көрсетуге және қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект пен бұлт ақылды Lexus дауыстық көмекшісінде бірге жұмыс істейді, бұл сізді жолға назар аударған кезде, батырмаларды іздестіруден босатады. Бұл жаңадан жасалған дауыстық көмекші «Сәлем, Лексус», «Мен ашпын» немесе «Мен тоңып қалдым» сияқты шағымдардың табиғи тілі мен мәнмәтінін түсінеді, тіпті жолаушылардың қайсысы сөйлейтінін біле алады. Сізге қолыңызды рульден алмай-ақ, көмескі жарық сияқты автокөлік функцияларын іске қосуыңызға немесе ғаламтор желісін іздеуіңізге болады.
Үйлесімді смартфондарды немесе басқа электрондық құрылғыларды индуктивті сымсыз зарядтау құралымен зарядтауға болады. Бұрынғыға қарағанда 50 % жылдам, ол ыңғайлы орналасқан және оның астында ыңғайлы сақтау орны бар. Құрылғыларыңыздың зарядталуы және қосулы болуы үшін NX төрт USB ағытпасымен жабдықталған (алдыңғы жағында: 1xA түрі + 1xС түрі, артқы жағында: 2xС түрі).
A man sat in a Lexus NX

МҮЛДЕМ ЖАҢА NX АВТОКӨЛІГІН ЖҮРГІЗІП КӨРІҢІЗ

Lexus көлігін сынақ кезінде жүргізіп, таңғажайып сезімдер алыңыз. Алдымен өзіңізге лайықты автокөлікті, орын мен уақытты таңдаңыз, қалғанын біз өзіміз жасаймыз.

 

NX ГАЛЕРЕЯСЫ

Жаңа NX автокөлігінің сән-салтанатымен, талғампаздығымен және керемет көрінісінмен таныс болыңыз.

МАҒАН КЕРЕК