LEXUS ЕНДІ АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

Lexus_Relax_kk
Lexus-Relax_390x521_kz
Бүкіл әлемде танылған Lexus автомобильдері мен сервисінің сапасы Lexus Relax-тың бұрын-соңды болмаған жаңа кепілдігінде көрініс табады.  Бұл кепілдік Lexus автомобильдерінің иелеріне қосымша шығынсыз 10 жылға дейінгі немесе 190 000 км-ге дейінгі жүріске сенімді қорғаныс береді.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Lexus Relax кепілдігі- клиенттің қажеттіліктерін болжауға және мінсіз қызмет көрсетуге көмектесетін философия, Омотенаши қағидаттарының тағы бір көрінісі.

LexusRelax_1-1
Сіз Lexus ресми сервис орталығына өз автомобиліңізбен келесіз. Автомобиль 10 жылға дейінгі мерзімде дейін немесе 190 000 км-ге дейін жүгіріс жасалған болуы керек.
LexusRelax_1-2
Регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз.
LexusRelax_1-3
Сіз өндіріс немесе құрастыру ақауларынан туындаған бұзылулар үшін келесі 12 айға немесе 10 000 км жүгіріске Lexus Relax кепілдігін аласыз.

LEXUS RELAX КЕПІЛДІГІ ТАРАТЫЛАДЫ:

LexusRelax_2-2
Қайсысы ертерек туындайтынына байланысты 2 жылдан  асқан уақытқа немесе 85000 км-ден асатын жүгіріс жасалған автомобильдер. Соның ішінде бұрын Lexus ресми сервистік орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өтпеген жүрісте болған автомобильдерге.
LexusRelax_2-1
Қазақстан мен Қырғызстанда Lexus ресми дилерлік желісі арқылы сатылған автомобильдер.
LexusRelax_2-3
Сондай-ақ бастапқыда «Тойота Мотор Европа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылып, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, басқа да Шығыс және Батыс Еуропа елдерінен импортталған барлық Lexus көліктеріне. 

Lexus Relax кепілдігі қозғалтқышқа, трансмиссияға, аспаға, рөлдік жүйеге, жанармай жүйесіне, тежегіш жүйесіне, электронды құрамдастарға,  электр жүйесінің құрамдастарына және автомобильдің басқа да негізгі бөліктері мен элементтеріне қолданылады.

Lexus Relax жұмысы мен шарттары туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

LEXUS RELAX АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

LexusRelax_3-1
Кепілдік Сізге тыныштық ұсынады және автокөлік жөндеу үшін күтпеген шығындардан қорғауды қамтамасыз етеді.
LexusRelax_3-4
Кепілдік қосымша ақы талап етпейді. Ресми қызмет көрсету орталығында жоспарлы техникалық тексеруден өту жеткілікті.
LexusRelax_3-5
Сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін Lexus дилерлік орталықтарындағы процестер барынша оңтайландырылған. Қосымша ресми құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ. 
LexusRelax_3-3
Сондай-ақ, сіз Lexus түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен сұйықтықтарын қолдана отырып жасалатын, жоғары сапалы қызметке ие боласыз.
LexusRelax_3-6
Регламенттік ТҚК үшін баға толығымен ашық. 
LexusRelax_3-2
Lexus Relax сонымен қатар, нарықтағы Сіздің автомобильіңіздің қалдық құны мен өтімділігін арттырады.
A54A2066-2

АБСОЛЮТТІ ТЫНЫШТЫҚ ПЕН СЕНІМДІЛІК

Регламенттік техникалық қызмет көрсетуден кейін сіз Lexus Relax кепілдігін автоматты түрде аласыз, ол сізді күтпеген жөндеу жұмыстарынан қорғайды, сондай-ақ келесі 12 айға немесе 10 000 км жүгіріс жасауда тыныштық пен сенімділік береді.

 

Lexus 2

ЖОҒАРЫ САПАЛЫ СЕРВИС

Жұмыстарды жоғары білікті техникалық мамандар Lexus түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін пайдалана отырып орындайды, бұл оңтайлы пайдалану сипаттамаларына кепілдік береді және автомобильдің қауіпсіздігін барынша арттырады. Сервистік орталықтар арнайы жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлер Lexus автомобильдерінің барлық техникалық ерекшеліктері туралы сараптамалық білімге ие.

 

Lexus Relax кепілдігі Қазақстандағы Lexus дилерлік және сервистік желісінің барлық ресми орталықтарында ұсынылады. Қосымша ақпарат алу үшін сіздің аймағыңыздағы брендтің ресми дилерлік және қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз. Орталық қызметкерлері сіздерге жан-жақты кеңес беруге қуанышты болады.

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Кепілдікті іске қосу үшін тек Lexus ресми сервис орталығында регламенттік ТҚК өту қажет.
Lexus Relax кепілдігі техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін ресми қызмет көрсету орталығында ешқандай қосымша төлемсіз автоматты түрде қосылады.
Иә, келісімшарт 1 жылға немесе 10 000 км жүгіріске жасалады.
Иә, келісімшарт 1 жылға немесе 10 000 км жүгіріске жасалады.
Жоқ, кепілдік автоматты түрде тек Lexus ресми қызмет көрсету орталығында ТҚК өткеннен кейін іске қосылады.
Кепілдік өлшемдерге сәйкес келетін барлық автомобильдерге қолданылады.

Lexus Relax кепілдігі келесі аталған автомобильдерге қолданылмайды:

·        Бастапқыда «Тойота Мотор Еуропа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылмаған

·        Жарысқа арналған немесе қатысқан автомобильдер.

·        Полиция, өрт сөндіру, медициналық және басқа да жедел қызмет көліктері.

·         Пайдаланылған автомобиль бөлшек саудагерлеріне тиесілі автомобильдер

Lexus Relax кепілдігі қозғалтқышқа, трансмиссияға, аспаға, рөлдік жүйеге, жанармай жүйесіне, тежегіш жүйесіне, электронды құрамдастарға, электр жүйесінің құрамдастарына және автомобильдің басқа да негізгі тораптары мен элементтеріне қолданылады.  Толық ақпарат алу үшін қараңыз (шарттары бойынша PDF файлына сілтеме)

Lexus Relax кепілдігі төменгілерге қолданылмайды:

·        Табиғи тозу және сыртқы факторлардың әсерінен коррозиялық процестерден туындаған ақаулар мен зақымданулар;

·        Салонының ішкі әрленімі, бамперлер, ЛКП, доңғалақ дискілері, шыны, айналар, фаралар;

·        Ойнату және ойнату құрылғыларының бөлшектері, соның ішінде радио, мультимедиа, навигация, динамиктер, күшейткіштер, сабвуферлер, бейнекамералар;

·        Гибридті батареялар;

·        Қалыпты жұмыс кезінде бүлінуге және табиғи тозуға бейім элементтер, бөлшектер

Жоқ. Lexus Relax кепілдігінің негізгі қағидаларының бірі-ТҚК регламент бойынша өтуі және ресми қызмет көрсету орталығында түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен сұйықтықтарды пайдалану.
ТҚК өткеннен кейін сервис орталығының қызметкерлері сізге кепілдікті қосу үшін сіздің автомобиліңіздің VIN-коды қарастырылуда тұрғаны туралы белгісі бар Орындалған жұмыстар актісін береді. Кепілдікті қосу туралы мәртебе ТҚК өткеннен кейін 7 күн өткен соң айқындалады. Кепілдік мәртебесін Lexuskz.com. сайтында қол жетімді нысан арқылы тексеруге болады 
Көлік құралы негізгі өлшемдерге сәйкес келген кезде Сіз Relax кепілдігін іске қоса аласыз: 2 жылдан 10 жылға дейін немесе 85,000 км-ден 190 000 км-ге дейін жүгірісте болған.
Иә. Бұл кепілдіктің басты артықшылықтарының бірі, көлігіңізді ары қарай сату барысында сіздің көлігіңіздің құнын арттырады. Relax нақты иесіне емес, автомобильге тіркеледі.
Кепілдік шарттарына сәйкес кепілдік жөндеу туралы өтінішпен осы автомобильге келісімшарт жасалған сәттен бастап 1 айдан ерте емес уақытта жүгінуге болады, жүгіріс кемінде 250 км болуы керек. 1 айлық кезең басым шарт болып табылады.
Жоқ, Lexus Relax аясында көлікті қайтару мүмкін емес.
Қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сізге ақауларды жоюды ұсынады, бірақ шешім сіздікі. Алайда, егер кепілдік берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген ақаулықтар жойылмағаны және кепілдік беру жағдайының туындауына себеп болғаны анықталса, онда жөндеу өтелмейді.
Автокөлік Lexus кепілдігіне қосылады. Алайда, егер бастапқы емес қосалқы бөлшектер кепілдік жағдайының туындауына себеп болғаны анықталса, кепілдік осы нақты жағдай бойынша жөндеу жұмыстарын өтемейді.
Иә. Сіз Lexus-ның кез келген ресми сервис/дилерлік орталығына кепілдікті сұраумен жүгіне аласыз.
Егер кепілдік бойынша еуропалық дерекқорды тексеру кезінде автомобильдің жүгіріс көрсеткіштерінде айырмашылықтар бар екендігі анықталса, онда кепілдік жойылады.
Иә, кепілдік брендтің ресми дилері орнатқан түпнұсқа аксессуарларға қолданылады.

* Баяндалған мәліметтер тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Ол жария оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды.

Lexus Relax-тың ұзартылған кепілдігі, оны іске қосу шарттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ сіздің автомобиліңіз Lexus Relax-тың ұзартылған кепілдік шарттарына сәйкес келе ме, жоқ па, толық ақпаратты алу үшін сіз Қазақстандағы Lexus ресми уәкілетті дилерімен/сервис орталығымен байланыса аласыз.