ДИЛЕР ТУРАЛЫ

Финансирование
Бұдан былай жаңа сән-салтанатты Lexus сатып алуды кейінге қалдырудың еш қажеті жоқ. Lexus Финанста өзіңізге ыңғайлы шарттармен несие ресімдеп, премиум көлікпен бүгін-ақ рахаттаныңыз Лексус Алматы – Еуразия құрлығындағы ең ірі Lexus автоорталықтарының бірі және бүкіл әлемдегі Lexus дилерлеріне қойылатын ең жоғары стандарттар мен талаптарға сай. Олар 3S концепциясына негізделген: жеке меншік автосалон (Showroom), заманауи сервистік қызмет көрсету станциясының (Service Shop) болуы және қосалқы бөлшектер қоймасының (Spare Parts) болуы.
Лексус Алматы Lexus дилерлік орталықтарында клиенттерге қызмет көрсетудің жаһандық стандарты болып табылатын Lexus Experience жүйесі бойынша ең жоғары «5 жұлдыз» рейтингіне ие.
Автоорталық ауданы 6 200 шаршы метрді құрайды, оның 1 075 шаршы метрін демонстрация залы, 600 шаршы метрін сервис алаңы алып жатыр. Кең шоу-румның дизайнерлік шешімінде Lexus ұстанатын «еліктірер әсемдік» және «озық сән-салтанат» философиясы айқын көрініс тапқан. Тұла бойына қарапайым жатық сызықтарды, өзіндік пішіндерді және ойластырылған тиімділікті біріктіре отырып, “Лексус Алматы” келушілерге 5 жұлдызды сервис деңгейінен сапа мен ләззат сыйлау үшін қызмет етеді. Мұнда технологиялық дизайнның тиімділігі дәстүрлі Жапония жер бедеріне тән эстетиканың икемділігімен және әсершілдігімен үйлескен. Lexus брендімен бекітілген концепция және премиум-бренд орталықтарын безендірудің корпоративтік стандарттарға сәйкестігі мұнда толығымен жүзеге асырылған, әрі Алматының айтулы бөлігінде, қаланың негізгі жол торабында орналасқан автоорталықтың қала инфрақұрылымынан үйлесімді орын тапқан нысандардың біріне айналғаны бекер емес.

Финансирование


Lexus модельдері озық технологиялардың, шексіз жайлылықтың, әсем сән-салтанаттың мінсіз үйлесімі болып табылады, ал олардың иелері ең жақсысына лайық, бұған дилерлік орталықта қызмет көрсету стандарттарының жоғары деңгейі дәлел. Жаңа орталық өз клиенттеріне бүкіл әлемді мойындатқан ең жоғары сапалы көліктерді ғана емес, техникалық қызметтердің толық кешенін де ұсынады. Жоғары технологиялы, диагностикалық және жөндеу жабдықтары көліктерді сату алдында дайындауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді білікті жүргізуге көмектеседі, ал заманауи, ең соңғы диагностикалық стендтермен және арнайы құралдармен жабдықталған Орталықтың қызмет көрсету мүмкіндіктері өндірушінің стандарттарына сай кез-келген жұмыс түрін орындауға және толық қызметтер кешенін көрсетуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсетуші жұмыскерлер Toyota education білім беру орталықтарында (Жапония, Германия, Ресей) кешенді дайындықтан және оқудан өтеді, олардың білім деңгейі жыл сайынғы аттестация және біліктілікті тексеру арқылы қадағаланады. Жұмыстардың барлық түрлеріне және қызметтердің барлық түрлеріне жапондық уақыт пен еңбек стандарттары енгізілген.

Лексус Алматы тұрақты даму тұжырымдамасының бір бөлігі болып табылатын, ал болашақта жаһандық экономикалық көзқарастың іргетасына айналуы тиіс Экологиялық саясатты қолдауға жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, Лексус Алматы үшін қоршаған ортаға келтірілетін зиянды әсерді барынша азайту басым қызмет бағыттарының бірі болып табылады.

Финансирование


Менеджмент жүйесін сертификаттау саласында көш бастап тұрған “Lloyd’s Register Quality Assurance” компаниясы Тoyota Tsusho Corporation құрамына кіретін көлік дилерлері тобына ISO 14001-2015 халықаралық стандартына сәйкестік туралы сертификат беруді мақұлдады. Аталмыш топта Лексус Алматы кіретін “Toyota Tsusho Kazakhstan Auto” ЖШС де бар. Әлгі сертификатты алу Лексус Алматы қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әлемдік тәжірибені қолдана отырып, табиғи ресурстарды тұтынуды азайту, қалдықтарды басқару арқылы қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтынын және оған тигізетін әсерін барынша азайтатынын растайды. Біз қоршаған ортаны қорғауды әлеуметтік үлесіміз деп қарастырамыз, соынмен бірге клиенттерімізбен және басқа да қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істей отырып, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған қоғам құру үшін барлық қадамдарды жасаймыз. “Toyota Tsusho Kazakhstan Auto” ЖШС экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау саласы - "Көліктерді, ілеспе тауарларды бөлшек және көтерме сату, сонымен қатар сатудан кейінгі қызмет көрсету". Қазіргі уақытта біздің компания «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығының экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестігін растауға дайын.



Сіздерді келесі мекен-жайда күтеміз:

Лексус Алматы

Әл-Фараби даңғылы, 140/4

Алматы қ., A15E2PO, Қазақстан Республикасы

+7 (727) 315-8-315

info@lexus-almaty.kz

www.lexus-almaty.kz

 

Жұмыс кестесі:

 

Көлік сату бөлімінің жұмыс уақыты:

дүйсенбі - жексенбі: 09.00 бастап 21.00 дейін

 

Қолданыста болған көліктер департаментінің жұмыс уақыты:

дүйсенбі - жексенбі: 09.00 бастап 21.00 дейін

 

Техникалық сервис бөлімінің жұмыс уақыты:

дүйсенбі - жексенбі: 09.00 бастап 21.00 дейін