КӨЛІК ДЕТЕЙЛИНГІ

Lexus GX
Көлік детейлингі (ағыл. auto detailing), көбінесе детейлинг деп қысқартылады — көлікке мұқият және толық күтім көрсетуге арналған жоғары технологиялы операциялар кешені.
Жүйелі детейлинг көлікті тоттанудан, кірден және түсін жоғалтудан қорғау арқылы қызмет ету мерзімін ұзарта алады, сонымен бірге кейін сату кезінде көліктің құнын арттыруға да септесе алады. Мұқият күтім далада тұратын және қоршаған орта құбылыстарының — жаңбырдың, қардың, құмның, ағаш бүршіктерінің, құстар саңырығының және т.б. жойқын әсеріне шалдығатын көлікке ерекше қажет.

Лексус Алматы көлік детейлингі қызметтерінің кең ауқымын ұсынады:
► Шанақты қиыршық тасқа қарсы үлдірмен қаптау;
► Алдыңғы әйнекті қиыршық тасқа қарсы үлдірмен қаптау;
► Күңгірттеу;
► Жылтырату;
► Химиялық тазалау;
►Салонды және дөңгелек доғаларын шудан оқшаулау;
►Салонды қалпына келтіру;
►Керамикалық жабын жағу;
►Салонға қорғаушы жабын жағу;
►Қорғаушы бұлыңғыр үлдірмен қаптау.

Лексус Алматы ұсынған детейлинг:

- тұрақты оқытылып тұратын сертификатталған мамандар;
- заманауи диагностикалық жабдық және түпнұсқа қосалқы бөлшектер;
- көрсетілетін қызметтердің мінсіз сапасы;

Біздің мамандар көлігіңіздің қауіпсіз жұмыс істеуін және мейлінше ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Сізбен сервис орталығында қуана көріскенше!

Мамандар кеңесін алу немесе сервистік қызметке жазылу үшін
келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (727) 315-8-315