1996 жылы саудаға шыққалы бері Lexus LX брендтің флагмандық жол талғамайтын көлігі ретінде бүкіл әлемде жылы шыраймен қабылданды. Айрықша жайлылығы, үздік жүріс қасиеттері және теңдессіз сенімділігі арқасында Lexus LX сатылымы дүние жүзінің 50-ден астам нарығында 500 000 бірліктен асып кетті.

Бұрынғыдан да қауіпсіз және ыңғайлы жүргізу үшін аспап-құралдар тақтасында 12,3 дюймдік үстіңгі экраны және 7 дюймдік төменгі экраны бар бірегей Lexus қосарлы дисплейі, сондай-ақ көліктің алдыңғы және артқы жағының астындағы аймақты көрсететін әлемдегі алғашқы Multi-terrain Monitor жүйесі орнатылған.

Қатты жолда сан рет сынаудан кейін шыққан ақауларды қайта-қайта жөндеу арқылы біз Lexus LX-тің дәстүрлі жол талғамайтын қасиеттерін жақсарттық, ал біздің әзірлеушілер ұжымы және жетекші мамандар Lexus Driving Signature жасап шығаруға ымырасыз көзқарас танытудың арқасында көліктің жолда жүру қасиеттерін жетілдіру үшін бірлесіп жұмыс істеді. Біз жүргізушінің ниетіне сай жылдам жауап беруді қамтамасыз ететін бірегей Lexus жүргізу сезімдерін жандандыруға талпындық.
Сонымен қатар бүкіл әлемдегі клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін VIP жинақтамасын ұсынамыз. Стандартты және VIP модельдердегі интерьер әзірлеушілер ұжымының жұмысының жемісінен және олардың ұсақ-түйекке де жіті назар аударатынынан көрініс береді.
Бұған қоса клиенттеріміз жаңа Lexus LX көлігін тіпті жолсыздықта да жүргізуден ләззат алуы үшін көп пайдаланушыға арналған монитор қалай көрінетініне және жүргізушіге көмек көрсету жүйелері қалай басқарылатынына қатысты көп жұмыс жасадық. Әр клиент Lexus LX көлігінің бүкіл әлемдегі жолдардың барлық түрлерінде жайлы жүруге мүмкіндік беретін жүріс қасиеттеріне лайықты баға береді деп үміттенеміз» - ТАКАМИ ЁКОО, LEXUS LX БАС ИНЖЕНЕРІ.