06 қазанда Лексус Алматы орталығында шынайы шығармашылық және бұрын-соңды болмаған сұлулық атмосферасы орнады.
Lexus әрдайым әдемі көліктер жасауға ұмтылады, сол себепті біз өнерге құштармыз, құмармыз. Әрбір туынды иесінің өз музасы, шабыт берушісі бар. Бұл шараға жаңа буын Lexus NX кроссовері шабыт берді, ол арт перформансқа қатысып, оған көрнекті суретшілер сурет салды.


Ал өнер атмосферасына терең шомуға, өмірдің барлық бояуларын сезінуге серіктесіміз Pernod Ricard Kazakhstan көмектесті.
Бірақ жаңалық осымен бітпейді... Шығармашылық шабыт беруші, жарқын заманауи өмірдің түпбейнесі – жаңа буын Lexus NX кроссовері енді Лексус Алматы орталығында!






