ЛЕКСУС АЛМАТЫ СЕРВИС ҚЫЗМЕТТЕРІ

Lexus GX
Lexus көліктері — бүгінгі таңда әлемдегі ең инновациялық және ең жоғары сапалы премиум санатты көліктердің бірі. Тұрақты әрі білікті техникалық қызмет көрсету көлігіңізге жұмсаған қаражатыңызды барынша сақтауға көмектеседі, сонымен қатар оның ұзақ қызмет етуіне, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, жанармайды үнемдеуге және Lexus көлігінің тізгінін ұстағаннан рахатқа бөленуге септігін тигізеді.

Сапалы сервис — барлық бірдей көлік шеберханалары тиісті деңгейде орындай алмайтын күрделі әрі жоғары технологиялық процесс. Мұнда Lexus көліктеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген кәсіби мамандар ұжымы қажет. Дәл осындай мамандар біздің Лексус Алматы дилерлік орталығында бар. Сондай-ақ, айта кету керек, тек ресми Lexus дилерінің қызметкерлері ғана техникалық құжаттамаға қол жеткізе алады және барлық операцияларды өндіруші зауыттың уақыт нормаларымен қатаң сәйкестікте орындайды. Қызмет көрсету жұмыстарының толық циклін жүргізе отырып, біздің дилерлік орталықтың техникалық мамандары өндірушінің қатаң ережелерімен реттелетін арнайы жабдықты, компьютерлік бағдарламаларды және технологиялық процестерді қолданады. Бүкіл қызмет көрсету үдерісі барысында операциялардың сапасына бақылау жүргізіледі, соның арқасында көлігіңізге техникалық қызмет көрсету уақыты қысқарады, сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің тамаша сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

► Кез-келген күрделі көліктерге ресми дилерлік жабдықпен диагностика жасау;
► Кез-келген күрделі жөндеу жұмыстарын түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен майларды пайдалана отырып жүргізу.

Көліктерге қызмет көрсету кезінде Лексус Алматы мамандары дилерлік орталыққа тікелей өндірушілерден жеткізілетін түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтарды, шығын материалдарын, техникалық сұйықтықтарды және майларды ғана пайдаланады. Осылайша қосалқы бөлшектердің құны бәсекеге қабілетті болады, өйткені, делдалдардың қызметтеріне ақы төлеудің қажеті жоқ. Lexus маркалы көліктерге қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар таңдағанда біздің компанияның мамандары ең заманауи дерекқорлар мен каталогтарды пайдаланады. Егер қызмет көрсету кезінде Сізге қажетті қосалқы бөлшектер қоймада болмаса, оларға тапсырыс бере аласыз, ал жеткізу мүмкіндігінше тезірек жүзеге асырылады.
Лексус Алматы орталығына жүгінгенде үнемі оқытылып тұратын, ең заманауи диагностикалық жабдықты және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын мамандар көлігіңіздің қауіпсіз жұмыс істеуін және мүмкіндігінше ұзақ қызмет етуін қамтамасыз ететініне сенімді бола аласыз. Сізбен сервис орталығында қуана көріскенше! Мамандар кеңесін алу үшін немесе сервиске жазылу үшін келесі нөмірге хабарласа аласыз: +7 (727) 315-8-315