Поиск
Отменить
Модели
Назад
Item
ES
NX
RX CLASSIC
RX
GX
LX
АБСОЛЮТНО НОВЫЙ LEXUS LM
Брошюры и прайс-листы
ПРИОБРЕТЕНИЕ И ВЛАДЕНИЕ АВТОМОБИЛЕМ LEXUS: КЛЮЧЕВЫЕ ПРЕИМУЩЕСТВА
БРОШЮРЫ И ПРАЙС-ЛИСТЫ
ВСЕ, ЧТО ВАМ НУЖНО ЗНАТЬ О МОДЕЛЯХ LEXUS
Aвтомобили с пробегом
Назад
Item
Aвтомобили С Пробегом
Trade-In
Lexus Select
Онлайн-оценка
АВТОМОБИЛИ LEXUS С ПРОБЕГОМ
Специальные предложения
Назад
Item
Lexus RX 350 выгода до 1,5 миллионов тенге по программе Trade-in
УСТАНОВКА СИГНАЛИЗАЦИИ ОТ 199 900 ТГ
ПРОВЕРКА И РЕГУЛИРОВКА УГЛОВ УСТАНОВКИ КОЛЕС ВСЕГО ЗА 16 000 ТЕНГЕ!
Абсолютно новый Lexus RX 500h на выгодных условиях по программе Trade-in
Lexus ES выгода до 2 миллионов тенге по программе Trade-In
Lexus GX в наличии в Лексус
СЕРВИСНЫЙ КОНТРАКТ
-20% НА ТЕХНИЧЕСКИЕ РАБОТЫ ДЛЯ АВТОМОБИЛЕЙ СТАРШЕ 3 ЛЕТ
LEXUS SERVICE
Специальные предложения
Финансы и страхование
Назад
Item
Программы финансирования
Lexus Страхование
Онлайн оплата
ЗАПРОСИТЬ КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ
СТАНДАРТ
С ПРОБЕГОМ
КАСКО НА НОВЫЕ АВТО
КАСКО НА АВТО С ПРОБЕГОМ
ОГПО
LEXUS SAFE
LEXUS LIFE INSURANCE
Программы
Финансирование и страхование
Сервис
Назад
Item
Гарантия Lexus Relax
Гарантия
Tехническое обслуживание
ЗАПИСАТЬСЯ НА СЕРВИС
РЕГЛАМЕНТНОЕ ТО
УСЛУГИ СЕРВИСА ЛЕКСУС АЛМАТЫ
АВТОМОБИЛЬНЫЙ ДЕТЕЙЛИНГ
ИНДИВИДУАЛИЗАЦИЯ АВТОМОБИЛЯ
LEXUS TUNING
Сервис
Гарантия изготовителя
Мир Lexus
Назад
Item
СПЕЦИАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ NX: «МАСТЕРА ВПЕЧАТЛЕНИЙ».
НОВОСТИ LEXUS
ДИНАМИКА
ДИЗАЙН
ТЕХНОЛОГИИ
КОНЦЕПТ-КАРЫ
КОНТАКТЫ
О КОМПАНИИ
Мир Lexus
СТРАСТЬ К ВОЖДЕНИЮ
KINTO
Назад
Item
KINTO
KINTO
Безупречное и умное мобильное решение
ru
язык
русский
Қазақша
Войти
Выйти
Войти
Ваши автомобили
Обзор
Мой автомобиль
Руководства по эксплуатац
ЖАПОН ФУРШЕТІ ЖӘНЕ СУШИ ӘЗІРЛЕУ ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІ
«Адамдарға әрдайым олар күткеннен де көп беріңіз», - Нельсон Босвелл, NELSON BOSWELL негізін қалаушы.
Елестетіп көріңізші, Сіз жай ғана көлігіңіздің майын ауыстыруға келдіңіз – бұл дағдылы қажеттілік әрі зеріктіретін іс, Сіз бұл қызмет тез көрсетіледі, сыпайы көрсетіледі, Сізге кофе ұсынылады және қызметкерлер езу тартады деп күтесіз .., бұл – Сіз күтетін минимум.., бірақ тек Лексус Алматы орталығында емес, Лексус Алматы таң қалдырады, жай ғана дилерлік орталыққа барудың өзін ұмытылмас оқиғаға айналдыра алады, мысалы, кеше келушілерді жапондық фуршет және нағыз суши әзірлеу шеберлік дәрісі қайран қалдырды. Суши – дәстүрлі жапон тағамы ғана емес, сонымен қатар кербез өнер және өз алдына біртұтас философия. Жапон тағамдары – бөлек әңгіме. Оның басты айырмашылығы – тағамға деген шексіз құрмет. Жапондықтар үшін тағам – әрі өнер, әрі рәсім, әрі ләззат. Бұл елде жүздеген жылдар бұрын азық-түлікке өте қатаң талаптар қою салты қалыптасқан, сондықтан, ас әзірлеу үшін тек ең балғын, сапалы және пайдалы өнімдер ғана қолданылады. Дәстүрлі тағамдарды әзірлеу тәртібінің өзі тиянақты бекітілген, одан ауытқуға мүлдем болмайды, ал тағамның түрі мінсіз болуы тіптен міндетті. Жапондықтардың түсінігінше, тек сұлулықты сезінетін және табиғатқа ақынжандылықпен қарайтын адам ғана аспаздық шебері бола алады – сонда ғана азық-түлік өнімдерінің табиғи дәмі мен түрін сақтауға болады. Сонау көне заманда аспаздар тіпті дайын болған кезде де астың барлық құрамдас бөліктерінің өзіндік түр-болмысын сақтап қалуға тырысқан. Дәл сондай жаңа ғана әзірленген, тәбетті ашатын және әдемі суши тағамын Lexus Center Almaty қонақтары арнайы шақырылған суши-аспаздың жетекшілігімен өз қолдарымен әзірлей алды.
Қолыңыз әдеттен тыс, бейнетті, зергерлерге лайық іспен айналысып жатқанда мида миллиондаған жаңа нейрондық байланыстар түзіліп, ми жұмысын белсендіреді және оның қартаюына жол бермейді. Сондықтан да Жапонияда өз ісінің шеберлерінің – көркем жазу шеберлері, суши шеберлері немесе Такуми шеберлері болсын – өз қолдарымен асқан мұқияттылықпен жасаған мұнтаздай туындылары өте жоғары бағаланады. Ежелгі жапондық «такуми» ұғымы Lexus жасайтын әрбір істе басты рөл атқарады. Такуми шеберлері Lexus көліктерінің дизайны мен әзірленуінің әрбір тұсында қол еңбегін пайдалана отырып, шеберлік философиясына жан бітіреді. «Lexus компаниясында жұмыс істейтін Такуми шеберлері кәсібилік пен құмарлықты ұштастыра біледі. Олар жоғары білікті және тіпті болмашы ұсақ-түйекке көңіл бөледі. Сонымен қатар біздің шеберлер кемелдікке көзсіз сенеді, оған жету үшін алдына жан салмайды. Олардың әрқайсысы көлік жасаудың белгілі бір сатысында өз дағдыларын қолданады, бұл іс олардың басты құмарлығы мен шабытына айналады. Lexus Мията зауытының (Кюсю аралы) 7700 қызметкерінің ішінде тек 19 Такуми шебері бар. Біздің инженерлер үшін бұдан асқан құрметті атақ жоқ» - Кацуаки Суганума, Lexus такуми шебері.
«Көп жылдық тәжірибе мен асқан шеберлік Lexus көліктерін өндіру сатысында ғана бағаланып қоймайды, Lexus Center Almaty орталығында өз ісінің кәсіпқой мамандары бар – кейбір Lexus Center Almaty қызметкерлері компаниядағы жұмысының он, жиырма жылдық мерейтойын атап өтіп жататыны бекер емес. Мұнда сіз «кездейсоқ адамдарды» кездестірмейсіз, әрбір Lexus Center Almaty қызметкерінің жүрегінен Омотенаши философиясы – қонақтардың тілектерін алдын-ала болжай білуге негізделетін жапондық қонақжайлылық дәстүрі орын алған, өйткені, біз қонағымыз нені қалайтынын түсінгенге ДЕЙІН оның тілегін орындайтын телепаттарды ғана жұмысқа қабылдаймыз)))», - Д.Иванов, Lexus Center Директоры.