СЕРВИСТІК КЕЛІСІМ-ШАРТ

Lexus GX
ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛДІГІН ҚОСТЫРЫҢЫЗ

Лексус Алматы Сізге жаңа қызмет – Сервистік келісім-шарт ұсынуға қуанышты!
Сервистік келісім-шарт – Lexus иелері үшін қолайлы бағамен қызметтер кешенін алуға мүмкіндік беретін арнайы ұсыныс. Сервистік келісім-шарт өндіруші зауыттың ұсынымдарына сәйкес көлік құралына бірнеше кезекті регламенттік техникалық қызмет көрсетуден тұрады.
Сервистік келісім-шартты сатып алу кезінде клиент қандай артықшылықтарға ие болады:
Келісім-шартпен бекітілген техникалық қызмет көрсету құны – Сіз және дилер арасындағы Сервистік келісім-шартта бекітілген кезекті регламенттік техникалық қызмет көрсету құны Сервистік келісім-шарттың мерзімі бойы өзгермейді және Сізге бағалардың ықтимал өсуі туралы алаңдаудың қажеті жоқ.
Техникалық қызмет көрсету құнына қосымша жеңілдік – бірнеше кезекті техникалық қызмет көрсетуге жеңілдік алыңыз, осылайша көлікке техникалық қызмет көрсетуге кететін қаражатты үнемдеңіз, Сервистік келісім-шартты сатып алу кезінде техникалық қызмет көрсету құны әдеттегі техникалық қызмет көрсету құнынан төмен болады, яғни клиент көлігіне техникалық қызмет көрсетуге шығатын шығынды үнемдеуге мүмкіндік алады.
Көліктің қалдық құнының артуы – егер Сіз болашақта көлігіңізді сатуды шешсеңіз, Сервистік келісім-шарт мәмілеңіз үшін қосымша артықшылық болады. Ресми Lexus дилерінің жұмыс сапасы – Сіз сапалы қызмет, білікті қызметкерлер және түпнұсқа қосалқы бөлшектер, сондай-ақ көліктің еш бүкпесіз жол тарихын және жоғары қалдық құнын аласыз.
Сервистік келісім-шарттың талаптары қандай:

1. Сервистік келісім-шартта техникалық қызмет көрсету саны шектелмеген, қанша техникалық қызмет көрсетуді сатып алу керек екенін өзіңіз таңдай аласыз;
2. Әрбір техникалық көрсету жұмыстарының құрамы: өндіруші зауыттың ұсынымдарына сәйкес жоспарлы техникалық қызмет көрсету бойынша стандартты жұмыстар;
3. Сервистік келісім-шарт мерзімі техникалық қызмет көрсету санына байланысты шектеледі. Мысалы, егер Сіз төрт техникалық қызмет көрсету сатып алсаңыз,
келісім-шарт мерзімі 3 жыл немесе 40 000 шақырым, қайсысы бірінші орын алатынына байланысты болады.

Сервистік келісім-шартты жаңа көлік алған кезде де сатып алуға болады.
Егер көлікті Lexus Финанс несие бағдарламасы бойынша сатып алсаңыз, Сервистік келісім-шарт құнын несие келісіміне қоса аласыз, сонда Сервистік келісім-шарт құны ай сайынғы төлемдерде білінбей кетеді.
Сізде Lexus көлігі бұрыннан бар болса да Сервистік келісім-шарт сатып алуға болады.
Алайда, өтінеміз, ескеріңіз, Сервистік келісім-шарт бойынша Сізге сол Сервистік келісім-шарты сатып алған Lexus дилерінде да қызмет көрсетіледі.
Сервистік келісім-шарт көліктің VIN кодымен байланыстырылады, көлік сатылған кезде Сервистік келісім-шарт оның жаңа иесіне өтеді.
Сервистік келісім-шарт туралы толығырақ білгіңіз келсе немесе Сервистік келісім-шарт құнын есептеткіңіз келсе, бізге хабарласыңыз:
+7 /727/ 315-8-315.
Сіз қазір алған мәліметтер тек ақпараттық және анықтамалық сипатқа ие, оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды. Толығырақ және егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін ресми Lexus дилеріне хабарласуды сұраймыз.





СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ЖАЗЫЛУ